Үкімет басшысы қантпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

615

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Үкімет басшысы қантпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев ағымдағы жағдай мен бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады,деп inbusiness.kz Үкімте басшысы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері бағаның өсуі 17,1%-ды құрады. Әсіресе пияз, қырыққабат, қант, картоп, сәбіз, қарақұмық секілді бірқатар азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Өңірлер бойынша да бағаның өсуі байқалады.

Атап айтқанда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында – 18,7%, Алматыда – 18,6%, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында – 18,5% және Шымкентте – 18% баға өскен.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов, сауда орындарындағы және үй жанындағы дүкендерде  15 пайыздық үстеме бағаны бақылау жұмысын күшейту қажеттігін айтты.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қант қоры 100 мың тоннадан асады, ал бізде ай сайынғы тұтыну 59 мың тоннаны құрайды. Соған қарамастан кейбір дүкендерде қант 700-800 теңгеден сатылуда. Бұл асығыс сұранысты пайдаланып, қосымша пайда тауып отырған жеке тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекетінің нәтижесінде орын алып отыр. Жалпы қанттың орташа бағасы шамамен  1 кг – 480-490 теңге болуы керек. Бұл мәселені нақты шешу керек", – деп тапсырды Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу