Үкімет басшысы карантин талабын бұзғандарды қатаң жазалауды тапсырды

1084

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында 5 күн демалады.

Үкімет басшысы карантин талабын бұзғандарды қатаң жазалауды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Наурыз мейрамы кезінде карантин талабын бұзғандарды қатаң жазалауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен Үкімет басшысы коронавирусқа қарсы вакцина салу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керегін атап өтті.

"Әкімдіктердің сайттарында вакциналау, оның пайдасы, егу пунктерінің мекенжайлары туралы толық ақпарат жоқ. Халық арасында вакциналаудың маңыздылығы туралы дұрыс пікір қалыптастыру үшін жұртшылық пен медицина қызметкерлері арасында семинарлар ұйымдастыру қажет", - деді Асқар Мамин.

Премьер-министр COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін өңірлердегі әкімдіктерге шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Адамдар көп жиналатын ойын-сауық іс-шараларын өткізуге жол берілмесін. Алдағы мереке күндері осыны естен шығармау керек. Ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп, мониторингтік топтардың жұмысын күшейтсін және тәртіп бұзушыларды қатаң жауапқа тартсын", - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Асқар Мамин коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылауда ұстау керегін айтты.

"Денсаулық министрлігі әкімдіктіктермен бірлесіп, ауру ошақтарында жедел шара қолданып, шектеу шараларын қайта қарасын. Науқастармен болған барлық адамға коронивирустың бар-жоғына тестілеу жүргізіп, оларды бақылауға алу керек", - деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.

Айта кетейік, қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күніне орай 5 күн демалады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу