Үкімет басшысы Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсатты кен орындарында болды

1293

Асқар Маминге 2019 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 19 759,5 млн текше метр газ бен 11,4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланғаны баяндалды.  

Үкімет басшысы Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсатты кен орындарында болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңірлер экономикаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. 

Асқар Маминге 2019 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 19 759,5 млн текше метр газ бен 11,4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланғаны баяндалды. 

Облыс орталығында — Орал қаласында Асқар Мамин  азық-түлік, жиһаз, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына — "Желаев нан өнімдері  комбинатына", "Кублей" ЖШС консерві зауытына, "Аквакультура тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешеніне", "Квант" корпусты жиһаз өндіретін фабрикаға, "Болашақ–Т" тұрғын үй құрылысы комбинатына, Орал трансформатор зауытына, шиналар мен құрамында резина бар қалдықтарды өңдейтін "Кама Центр" кәсіпорнына барды. 

Асқар Мамин Орал қаласындағы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан "Ақжайық" жаңа шағын ауданының және 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты. 

Асқар Мамин Жоғары аграрлық-техникалық колледжді аралау барысында оқу орнының оқытушылары әзірлеген, ғимараттар мен нысандардың ЗD-жобалау жүйесінің жұмысын қарап, өңірді цифрландыру жобаларымен танысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу