Үкімет басшысы Қазақстан полициясы 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

650

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтің құттықтауы ресми сайтында жарияланды:

Үкімет басшысы Қазақстан полициясы 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

"Құрметті қазақстандықтар, ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Баршаңызды Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 

Отандық полицияның қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен тығыз байланысты. Елімізде соңғы 30 жыл ішінде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан қуатты құрылым қалыптасты.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жанкешті және қажырлы еңбегінің арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ауыр қылмыстар жыл сайын азайып келеді.

Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созып, қылмыстарды ашу және қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы жоғары моральдық қасиеттер мен нағыз батырлықтың үлгісін көрсетуде.

Бүгінде ІІМ жүйесіндегі барлық процестерде бюрократияны жою, цифрландыру және оңтайландыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге және қылмыстың барлық түрлерінің алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі мерекеде полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби табыс тілеймін!

Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқаруға тілектеспін!"                           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу