Үкімет басшысы көмір бағасын бақылауды тапсырды

874

Үкімет басшысы Асқар Мамин бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасының қымбаттауына жол бермеу шарасын қабылдауды тапсырды. 

Үкімет басшысы көмір бағасын бақылауды тапсырды

"Өңірлерде халыққа көмір сату мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Бәсекелестікті қорғау агенттігі әкімдіктермен бірлесіп, көмірдің бағасын ерекше бақылауға алсын және халық үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдасын!", – деді Асқар Мамин. 

Бұдан кейін премьер-министр энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлеріне жылыту нысандарының алдағы  жылыту маусымына дайындығын пысықтау қажет деген пәрмен берді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу