Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуды жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

619

Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуды жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша сатып алудың бірыңғай жүйесін құру мәселесі талқыланып, премьер-министрдің Шығыс Қазақстандағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтқан ұсынысы қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу