Үкімет басшысы министрлерге депутаттармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды

245

Жуырда Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтқан. 

Үкімет басшысы министрлерге депутаттармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелеріне депутаттармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеше мен депутат Жигули Дайрабаевпен кездестім. Оның ауыл шаруашылығын дамыту, шекаралас елді мекендер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарды қолдау және басқа да бағыттар бойынша көптеген идеялары бар. Айдарбек Сейпілұлы, депутатпен кездесіп, бәрін егжей-тегжейлі талқылап, маған нақты ұсыныстар енгізіңіз. Жалпы, депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жасау керек", - деді Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелер беру, жаңа нарықтарды ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру көзделген.

Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу