ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Нигерия Федеративтік Республикасы Ифе Королі Оони Адейейе Энитан Огунвусимен кездесті.
Кездесуде тараптар биылғы 14 қаңтарда "Абу-Дабидің орнықты даму апталығы" халықаралық саммиті аясында қол жеткізілген Қазақстан мен Нигерия президенттері арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, АӨК, көлік және логистика, энергетика, геологиялық барлау, цифрлық технологиялар және басқа да салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды.
Аграрлық секторда қазақстандық бидайды Нигерияға жеткізілу келешегі қарастырылды. Көлік және логистика саласында Орта дәліз Қазақстанға Солтүстік және Батыс Африка нарығына тауар экспорттау үшін мүмкіндіктер ашады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Нигерия арасындағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге ниетті екенін растады.