Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2016 жылғы қорытындысы туралы есепті тыңдап, өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Премьер-министр мемлекет басшысы өз жолдауында индустрияландыру мәселелерінің маңызды рөлі көрсетілгенін, Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруға байланысты тапсырма жүктегенін айтты.
"Бізге Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен қатар, өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру жөнінде ауқымды әрі көп еңбекті талап ететін жұмыс жүргізу қажет", – дейді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар премьер-министр еңбек өнімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне баса назар аударудың және қазірдің өзінде салалық министрліктер мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпорындармен бірге нүктелік жұмыстарға кірісу қажеттілігін айтты.