Үкімет басшысы Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды

633

Бейсенбі күні Үкімет басшысы Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді.   

Үкімет басшысы Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевты қызметінен босатуды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, министрліктер мен әкімдіктерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу үшін барлық қажетті құралдар, қаржы құралдары, бақылау функциялары болғанына қарамастан, бағаның өсу серпіні жоғары.

Үкімет басшысы осыған дейін "айналым схемасын" қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін жеткізу тапсырылғанын, бірақ Алматы, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Қостанай және Ақмола облыстарының осы уақытқа дейін оны жүзеге асырмағанын айтты.

Премьер-Министрдің айтуынша, қызметін қайта форматтау тапсырылған баға белгілеу тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысынан нәтиже жоқ. Сондай-ақ көкөніс сақтау қоймалары бойынша деректер базасын өзектендіру де жүргізілмеген көрінеді.

"Бұл – әкімдіктердің әлсіз жұмысының және Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері тарапынан үйлестірудің жеткіліксіздігінің нәтижесі. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін аталған өңірлер әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деді ол.

Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне осы бағытқа жетекшілік ететін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгізуді, Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды.

Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу