Үкімет басшысы Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебіне барды

813

Үкімет басшысы Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебіне барды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің Семей қаласындағы бөлімшесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Дарынды балаларға арналған мектептің 2016 жылдың соңында пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралау барысында Бақытжан Сағынтаев өзін-өзі тану, нанотехнология, биотехнология кабинеттерін, қыш құмыра шеберханасын, асхана мен кітапхананы аралады. Мектеп директоры Б. Қайыржанов оқу орнының жетістіктері туралы айтты.

Нысанның бірегейлігі – 720 оқушыға арналған негізгі оқу корпусының 120 орынға арналған жатақхана корпусы бар. Бұл шалғайдағы ауылдардан келген дарынды балаларға интернатта тұрып, оқуға мүмкіндік береді.

Мектептің 7 жылдық жұмысы аралығында 466 түлек бітірген, оның 34-і "Алтын белгі" иегері, 22-сі үздік аттестат иегері. Мектеп түлектері өз оқуын еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарында жалғастырады. Назарбаев университетінде – 156, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында – 283, шетелде – 26 түлек білім алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу