Үкімет басшысы "Жайлы мектеп" жоба құрылысының сапасын мұқият бақылауды тапсырды

328

Бүгінгі таңда, 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Үкімет басшысы "Жайлы мектеп" жоба құрылысының сапасын мұқият бақылауды тапсырды  Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа жайлы мектептер құрылысының сапасын мұқият қадағалауды тапсырды. Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңесте "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңеске қатысушылар жаңа білім ордаларын жобалау және салу, оларды заманауи жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, мемлекеттік сараптама жүргізу, қаржыландыру және басқа да бірқатар мәселелерді талқыға салды.

Айта кетсек, қазіргі кезде 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Барлық процесс жобалық басқарудың арнайы ақпараттық жүйесінде бақыланады, сондай-ақ онда нақты уақыт режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылауға болады. Жалпы,

2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген.

Әлихан Смайыловтың айтуы бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуі тиіс.

Бұдан бөлек, мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу