Үкімет басшысы жеңіл ақшаны көздейтін шетелдік компанияларға ескерту жасады

958

Үкімет басшысы жеңіл ақшаны көздейтін шетелдік компанияларға ескерту жасады

Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласындағы компанияларға ескерту жасап, сырттан теxника әкелуге тыйым салынбаса да, отандық өндірісті дамытуға басымдық берілетінін жекізді, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біз ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік теxниканың қайсысы жақсы екенін көптен бері талқылап келеміз. "John Deer" ма, "Claas" па, бірақ, өзіңіз көріп отырсыздар, 20 жыл бойы келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Алайда, біреуі де Қазақстанға келіп, өз өндірісін ашпайды. "Иә, сендерге зауыт салып береміз, теxниканы құрастырамыз, шығарамыз!" деп жалаулатады. Бірақ әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Біз барлық жағдайларды жасап бердік. Дегенмен, "John Deer" да, "Claas" та келмей отыр. Себебі оларға осы жерде өндіріс ашқанша, дайын өнімді сатып, ақшаны ала салған тиімді. Жеңіл пайданы көздейді", – деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, ендігі кезекте сырттан теxника әкелуге тыйым салынбаса да, ауыл шаруашылығы саласындағы отандық өндірісті дамытуға күш салынады.

"Бүгінде біз машина жасау өнеркәсібін қолға алдық. Тракторлар мен комбайндарды құрастыра бастадық. Енді, оны ары қарай дамыту қажет қой. Біз осы саланы қолдауға дайынбыз", – деп атап көрсетті Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу