Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады

974

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.

Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан – 23 млрд теңге, өңірлерден – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен – 79 млрд теңге.

"Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу