Үкімет Батыс Қазақстанды 2025 жылға дейін қалай дамытатынын айтты

1515

Батыс Қазақстан облысын дамытуға 2022-2025 жылдарға арналып жаңа кешенді жоспар әзірленген. 

Үкімет Батыс Қазақстанды 2025 жылға дейін қалай дамытатынын айтты

"Нәтижесінде, 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 55%-ға және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 56%-ға өседі, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 100%-ға жетеді, ал электр желілерінің тозуы 80%-дан 50%-ға дейін азаяды", – дейді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сейсенбідегі үкімет сағатында.

Айтуына қарағанда, ауыл шаруашылығы саласында 2 жылыжай, 25 бордақылау алаңы, 10 сүт-тауар фермасын салу, 4 шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру, суармалы жерлер алаңын 6,6 мың гектардан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту, Киров су қоймасын реконструкциялау көзделген. 

Ал өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында индустриялық аймақ құру, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салу жоспарланған. 

Оралда 1 211 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 46,2 км жылумен жабдықтау желілерін және 2 051 км электр желілерін салу және реконструкциялау, 29,7 км "Ростоши-Тайпак" газ құбырын реконструкциялау, сондай-ақ автоматтандырылған газ тарату станциясын салу жоспарланды.

Бұдан басқа, 1 842 км автожолға жөндеу және қайта жаңарту, Орал қаласының халықаралық әуежайын жаңғырту жүргізіледі.

Сондай-ақ емхана, кардиологиялық орталық, 74 мектеп, студенттерге арналған 650 орындық жатақхана және 150 орындық оңалту орталығы салынады.

Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету үшін 3 өрт сөндіру депосының құрылысы, Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу