Үкімет бекіткен төрт облысқа көшіп барғандарға үй беріледі

780

Үкімет бекіткен төрт облысқа көшіп барғандарға үй беріледі

Былтыр Маңғыстау облысынан 300-ден астам отбасы еліміздің солтүстігі мен шығысына көшіп барды, деп хабарлайды 24.kz.

Жұмыс күші шамадан тыс өңірлерден еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан аймақтарға азаматтарды қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу мақсатында еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері өткізген бұл шарадан соң жүздеген маңғыстаулық осы өңірлерге өз еркімен қоныс аударған. Олар жұмыспен, баспанамен қамтылып, қосымша көтерме жәрдемақыға ие болды.

"Мұндай жеңілдік үкімет бекіткен төрт облысқа көшіп барғандарға ғана беріледі. Мемлекеттік бағдарлама әсіресе жас отбасыларға зор мүмкіндік беріп отыр. Өзі де, әйелі де жұмысқа орналасады, үй беріледі. Қазір Маңғыстаудан көшіп барған азаматтар сол өңірге орнығып, жаңа өмірді бастап кетті. Биыл да ондаған отбасы өз еркімен қоныс аударуға ниет танытып отыр", - дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу