Үкімет бірқатар заң мен кодекске өзгеріс енгізу жөніндегі заң жобасын қарады

683

Үкімет бірқатар заң мен кодекске өзгеріс енгізу жөніндегі заң жобасын қарады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Әділет министрі Марат Бекетаев заң жобасының мақсаты – заңнамалық актілерді Конституцияның жақында енгізілген түзетулеріне сәйкестендіру екенін, соған орай 7 кодекс пен 46 заңға өзгеріс енгізу талап етілетінін мәлім етті.

Қылмыстық кодекстің бірқатар бабына, азаматтық туралы, шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, халықтың көші-қоны туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы, волонтерлік қызмет туралы заңдардың нормаларына өзгеріс енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу