Үкімет біржолғы төлемдердің ең төменгі шегін белгіледі

488

Әлеуметтік төлемдер енді 10 мың теңгеден төмен болмайды.

Үкімет біржолғы төлемдердің ең төменгі шегін белгіледі Фото: forbes.kz

Қазақстанда мерекелер мен атаулы күндерге берілетін төлемдердің ең төменгі шегі белгіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін өңірлерде әртүрлі болып келген әлеуметтік көмекті біріздендірді. Енді біржолғы төлем 2,5 АЕК-тен төмен болмауы тиіс. 2026 жылы бұл – 10 812,5 теңге.

Осыған дейін төлем көлемі жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне байланысты өзгеріп отырған. Сонымен қатар табысы төмен азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек енді күнкөріс минимумына байланады.

"Күнкөріс минимумының өсуіне қарай көрсетілетін көмектің көлемі де автоматты түрде индекстеледі", – деп мәлімдеді министрлік.

Осылайша, әлеуметтік төлемдер жүйесі біріздендіріліп, азаматтарға берілетін көмектің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу