Үкімет былтырғы бюджет кірісінің 45%-ын коронавирус дағдарысына жұмсаған

856

Мұндай мәліметті Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет былтырғы бюджет кірісінің 45%-ын коронавирус дағдарысына жұмсаған

"Коронавирус дағдарысы жағдайында Ұлттық қордан трансферттер көбірек тартылды. Оның көлемі бюджет кірісінің 45%-ын құрады. Бұл ретте қосымша соманы есепке алмағанда бюджет кірістерінің құрамындағы трансферттердің үлесі өткен жылдардың деңгейінде сақталды", - дейді Ерлан Жамаубаев 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Қаржы министрінің айтуынша, шикізаттық емес кірістердің жаңа көздерін іздеп, фискалдық әкімшілендіруді жақсартудың маңызын түсіну керек. Осыған орай көлеңкелі экономиканы қысқарту мен салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Камералдық бақылау тиімділігі 1,5 есе өсті. Осыған байланысты субъектілер 490 млрд  теңгені тексеруге шықпай бюджетке өздері төледі. Бұл ретте дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде шағын және орта бизнеске қатысты салықтық бақылау шаралары 6 айға тоқтатылды. Осыған қарамастан, әкімшілендіруді жақсарту есебінен, цифрландырудың арқасында біз 700 млрд  теңгеден аса бюджетке қосымша түсімдерге қол жеткіздік", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу