2024 жылы республикалық бюджет бойынша барлығы 12 түзету және 1 нақтылау жүргізілді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біріншіден, нысаналы индикаторлар бойынша 2024 жылы 26 мемлекеттік органның даму жоспарларын да, 173 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген болатын. Бұл туралы комитеттер мен жұмыс тобының отырыс тарында толық баяндадық. 2024 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 24% төмендеп, 372 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражатын игермегені және көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін тәртіптік жазаға 73 лауазымды тұлға, оның ішінде басшылық лауазымдағы 67 адам тартылды. Екіншіден, бюджетті түзету бойынша 2024 жылы республикалық бюджет бойынша барлығы 12 түзету және 1 нақтылау жүргізілді", – деді ведомство басшысы Парламенттің бірлескен отырысында.
Оның айтуынша, республикалық бюджетті түзету бюджеттік мониторинг пен бюджеттік бағдарла малар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде, бюджет құрылымын өзгертпей жүзеге асырылды.
"Өнімсіз шығыстар, сондай-ақ бірінші кезекке жатпайтын шығыстар оңтайландырылды. Депутаттық корпус пен Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстарын ескере отырып, енді түзету туралы ақпарат Парламентке берілетін болады", – деді Қаржы министрі Мәди Такиев.