Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұйрығының жобасы ашық үкімет сайтында орналастырылған. Онда 6 сәуірге дейін ашық талқылау болады.
"Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыштарды, кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтауыштарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоса алғанда, бұйымдар, мүгедектерге берілетін айналысы саласындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар", – деп жазылған онда.
Транзиттік тауарлар; пациенттердің жеке тапсырыстары бойынша тек қана жеке пайдалану үшін дайындалған медициналық бұйымдар; шет мемлекеттерге халықаралық ізгілік көмек көрсету үшін жіберілетін; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу шеңберінде жеке пайдалану үшін әкелінген және сатып алынған; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алынған медициналық бұйымдар алып тасталады.
Фото: profile.ru