Үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен үкіметтің селекторлы режімдегі кезекті отырысы басталды. Жиында үкімет 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы мәселелерін қарайды.
Күн тәртібінде – 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы, мәдениет объектілерін дамыту және жаңғырту, ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің қарауына енгізілген қаулылардың жобалары.
Үкімет отырысы primeminister.kz сайтынан және facebook-тен онлайн көрсетіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу