Үкімет Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қосымша құзырет берді

593

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қосымша құзырет берді Фото: primeminister.kz

Қаулыға сай, мына функциялар берілді:

- өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жекелеген тауарларға қатысты тыйым салулар мен сан жағынан шектеулерді (квоталарды) енгізеді;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша квоталарды бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөледі, сондай-ақ квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды;

- жекелеген тауар түрлерін Қазақстан аумағынан экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлардың нысаналы мақсатын растаудың тәртібі мен нысанын әзірлейді және бекітеді;

- тауарлардың нысаналы мақсатын растауды ұсынады.

Қаулы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу