Үкімет ел аумағына шетелдік автомобильдерді әкелуді шектейтін тетіктер әзірлеп жатыр

555

Қазақстан Үкіметі ел аумағына шетелдік автомобильдерді әкелуді шектеуге бағытталған тетіктер әзірлеп жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Үкімет ел аумағына шетелдік автомобильдерді әкелуді шектейтін тетіктер әзірлеп жатыр

"Салық заңнамасына сәйкес тіркемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған көлік құралдары көлік құралдарына салық салу объектілері болып саналады. Осылайша, шетелден келген көлік құралдарын есепке қою мәселесі кезек күттірмейтін мәселе болып табылады деп есептейміз", - деді Үкімет басшысы жауабында.

Осы орайда Әлихан Смайылов Үкімет ел аумағына шетелдік автомобильдерді әкелуді және пайдалануды шектеуге бағытталған тетіктерді әзірлеу және басқа да ілеспе мәселелер бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтеді.

"Осыған байланысты көрші елдерден (Ресей, Армения, Грузия, Қырғызстан) келген автокөлік құралдарына толық ресімделгенге дейін сол жерде уақытша тіркей отырып салық салу мәселесін қарастыруды мезгілінен бұрын деп санаймыз", - деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу