Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
"Бұл оңай мәселе емес, өйткені жаңа индустрия дегенді, теориялық тұрғыдан 3D-принтинг, онлайн-сауда және тағы сол сияқтылар деп түсінеміз. Төртінші өнеркәсіптік төңкерісті, Қазақстанда сол технологиялық құрылымды толыққанды іске асыру өте күрделі, өйткені көшбасшылар бар, қайсыбір мемлекеттердің белгілі бір бәсекелестік артықшылықтары бар. Сондықтан қазіргі таңдағы басты міндетіміз – Қазақстанда бәсекелі түрде дұрыс іске асыра алатын салалар мен қызмет түрлерін айқындап алу, бірақ ол алдағы уақыттың міндеті", – деді ол үкімет отырысында. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында "Цифрлық Қазақстан" арнайы бағдарламасын қабылдауды тапсырған болатын.