Үкімет енді ЖОО басшыларын тағайындай алмайды

539

Бұған дейін, заң бойынша Үкімет төрт университет басшысын тағайындайтын еді.

Үкімет енді ЖОО басшыларын тағайындай алмайды Фото: google.com

Құжат Ашық НҚА порталында қоғам талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаулы жобасына сәйкес, енді Үкімет жоғары оқу орындарының бірінші басшысын тағайындай алмайды. Нақтырақ айтқанда, мұндай құқық "Білім туралы" заңында сақталады, дегенмен, Үкімет бірінші басшысын тағайындай алатын университеттер тізімі алынып тасталмақ.

Қазіргі таңда ҚР Үкіметі келесі 4 жоғары оқу орнының бірінші басшысын тағайындай алады:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;

Қазақ ұлттық өнер университеті;

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

Қазақ ұлттық хореография академиясы.

"Білім туралы" ҚР заңына сәйкес, аталған жоғары оқу орындарының басшысы өзге ЖОО секілді енді ел заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалады.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 10 шілдеге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу