Үкімет ерекше көңіл бөлуге тиіс қала атауы белгілі болды

2931

Президент Қазақстанның қай қаласына тарихи орталық мәртебесін бергенін мәлімдеді. 

Үкімет ерекше көңіл бөлуге тиіс қала атауы белгілі болды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге тарихи орталық мәрбесін беру маңызды іс екенін айтты.  

"Менің шешіміме сәйкес, Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі беріледі. Бұл тек атау ғана емес, болашақта бірқатар нақты шара атқарылады. Тарихи қаланың тұрғындары үкімет тарапынан өздеріне көңіл бөлініп отырғанын сезінуі керек. Менің ойымша, бұл міндетті сіз жүзеге асыра аласыз", – деді Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу