Үкімет геология саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті

450

Жер қойнауын зерттеуге ғылыми ұйымдар тартылып, цифрландыру жолға қойылады. 

Үкімет геология саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті Фото: baq.kz

Инфрақұрылымды дамыту да басты мақсат. Бүгін Үкімет геология саласын дамытудың 5 жылдық тұжырымдамасын бекітті. Құжат бойынша енді жер қойнауын пайдалануға лицензия алу рәсімдері жеңілдейді. Сондай-ақ,  инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру және қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия беру процесінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Геологиялық барлаудың өзекті мәселелері тағы да Министрлер кабинетінің назарында. Басты мақсат  пайдалы қазбаларды анықтауға инвестиция тартуға жағдай жасау. Жоспарды жүзеге асырып,  саланың мәселелерін шешу үшін министрлік 4 бағытты белгілеген. Онда жер қойнауын геологиялық барлаудың тиімділігін арттыру және минералдық-шикізаттық базаны толықтыру, ақпараттандыру-цифрландыру, ғылыми-зерттеу, кадрмен қамтамасыз ету және геологиялық саланың инфрақұрылымын дамыту. Министр Серікқали Брекешовтың сөзінше, картаға түсіру 1-ден 200 мыңға дейінгі масштабта болса, енді 1ден 250 мыңға дейінгі масштабқа ауыстырылады. Сондай-ақ жер қойнауын зерттеу барысында ғылыми және ғылыми-білім беру ұйымдарымен интеграциялануды жоспарлап отыр.

"Оның ішінде бірегей геология саласын дамытудың теориялық негізі дайындалады. Сонымен қатар, ғылыми-әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз етілетін және пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің тиімді әдістері әзірленетін болады. Бұл пайдалы қазбалар перспективалық учаскелерді анықтауға ҚР нарығында геологиялық барлау қызметін жандандыруға және геологиялық барлауды инвестициялау және озық технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серіқали Брекешев.

"Қазақмыс" геологтары маусымдық барлау жұмыстарын аяқтады

Жаңа кен орындарын анықтауда "Қазақмыс" геологтары белсенді жұмыс жүргізуде. Геологиялық зерттеулер тіпті қыста да жалғасты. Мамандар Қазақстанның бірнеше облыстарындағы перспективалық аймақтарды  зерттеді. Жақында әлемде алғаш рет канадалық Target EM аэрогеофизикалық жүйесін сынақтан өткізді. Бұған дейін отандық геологтардың қызметтері Австралияға қызығушылық танытатын. 

Қазақмыс минералдық-шикізат базасын толықтыру және кеңейту бойынша жұмыстарын жалғастырады. Холдинг компанияның және қалалардың дамуы  геологиялық барлау жұмыстарының табысты болғанына және оған салынған инвестицияға байланысты екенін түсініп отыр. 

Жалгас Азганбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу