Үкімет халықтың несиесін кешіруден бас тартты

766

Осылайша, "Халық коммунистері" фракциясының рақымшылық жайлы ұсынысы қолдау таппады  

Үкімет халықтың несиесін кешіруден бас тартты

Үкімет азаматтардың несиесін кешіруден бас тартты, деп хабарлады Atameken Business.

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің депутаттар сауалына берген жауабында айтылған. Онда аталмыш шара елдегі банк жүйесін құлдыратуы мүмкін екендігі жазылған. Қазір қаржы институттарының негізгі қоры депозиттерден жинақталады. Салымдар жалпы міндеттемелердің 78 пайызын құрайды. Несиелік борыштар дәл осы тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ал қарыздарды жаппай кешіру қалыптасқан жүйенің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу