Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға баса назар аударылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады. Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады", – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Серік Жұманғарин биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілгенін еске салды.
Оның айтуынша, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуінен инфляцияға әсер инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады.
Айта кету керек, бұған дейін Олжас Бектенов Президенттің құрылтайдағы тапсырмалары туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.