Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатпен осы жерден таныса аласыз.
"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1.7-1-жолмен толықтырылсын", – делінген қаулыда.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаевтың мұнай компаниясы 2023 жылдың қазан айында 35 миллиард теңгеге мемлекет меншігіне өтті.
Қазір компания толықтай "Самұрық-Қазына" қорының басқаруында, бірақ құжат бойынша ол қайтадан жеке меншікке өтеді.
Жекешелендіру екі кезеңді ашық конкурс, электронды тендер немесе тікелей мақсатты сату арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Phystech II Маңғыстау облысында орналасқан Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнына иелік етеді.
Мемлекет бақылауына алынғанға дейін кәсіпорын Қайрат Боранбаевпен байланысты "ҚазТурбоРемонт" холдингінің құрамында болған.