Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті – Президент

1072

"Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары"  

Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті – Президент

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіруді міндеттеді.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес",– деп жазды твиттерде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент індеттің жүздеген адамның өмірін жалмағанын өкінішпен айтып өтті.

"Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары",– дейді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу