Үкімет қазақстандықтардың пәтерақысын субсидиялайды

804

Бұған дейін жыл басында сатып алу құқығынсыз 23 мың пәтер салынатыны айтылған.

Үкімет қазақстандықтардың пәтерақысын субсидиялайды

Үкімет қазақстандықтардың пәтерақысын субсидиялайды. Нақтыласақ, бұл арендалық үйде тұратын азаматтарға берілетін көмек болмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, алғашқы кезеңде субсидияға шамамен 100 мың отбасы ие болуға тиіс. Бұған дейін жыл басында сатып алу құқығынсыз 23 мың пәтер салынатыны айтылған. Оған баспанаға мұқтаж азаматтар 5 жыл көлемінде тұруға құқылы. Тек коммуналдық шығын мен азын-аулақ пәтерақысын төлеуі жеткілікті. Осы уақытта олар қаражатын үнемдеп, өзге үй алуға ақша жинай алады.

Арендалық тұрғын үйдің пәтер ақысы айына 5 мыңна 10 мың теңгеге дейін. Әзірге субсидияның көлемі белгісіз. 2019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасымен 13 мың арендалық пәтер салынған.


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу