Үкімет "ҚазМұнайГаз" акцияларына қатысты қаулы жариялады

734

Үкіметтің 2022 жылғы 5 қарашадағы № 877 қаулысының мәтіні, Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үкімет "ҚазМұнайГаз" акцияларына қатысты қаулы жариялады Фото: kmg.kz

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – компания) орналастырылған акцияларының жалпы санының 15,42 (он бес бүтін жүзден қырық екі) %-нан аспайтын, компанияның саны 94 109 125 (тоқсан төрт миллион бір жүз тоғыз мың бір жүз жиырма бес) жай акциясын қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын баға, сан және құрылым бойынша иеліктен шығарсын", - делінген Үкімет басшысы Әлихан Смаилов қол қойған қаулыда.

"ҚазМұнайГаз" акцияларын IPO-ға шығаруға негіз болатын бұл қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев акция сатып алуға үміткерлер тарапынан өтінімдер жинау 9 қарашада басталатынын, Қор "ҚазМұнайГаз" компаниясының 30 505 974 жай акциясын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. "ҚазМұнайГаз" 1 акциясының бағасы 8406 теңге шамасында болатынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу