Үкімет көкөніс импортын отандық өніммен толық алмастырмақ

704

Министр Сапархан Омаров егістік көлемін ұлғайтып, импорт алмастыру шарттарын қарауы қажет.

Үкімет көкөніс импортын отандық өніммен толық алмастырмақ

Үкімет көкөніс импортынан бас тартып, оны тек отандық өніммен алмастыруға әрекеттенбек. Бүгін министрлер кабинетінің онлайн форматта өткен жиынында Асқар Мамин командасына құр жоспар құрмай, оны шұғыл іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Енді министр Мағзұм Мырзағалиев суармалы жердің сапасын жақсартуға міндетті. Ал Сапархан Омаров онда егістік көлемін ұлғайтып, импорт алмастыру шарттарын қарауы қажет. Әзірге суармалы жер көлемі 500 мың гектарға ұлғайтылып, ондағы аграрлық тауар өндірушілерге заманауи технологияларды енгізуге инвестициялық субсидия берілмек. Барлығы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жүргізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу