Үкімет қуаңшылықта малға жем-шөп тауып бере алмай отыр

1427

Маусым айы басталғалы, шаруалардың дәстүрлі істері желісінен жаңылып, жалпы шаруашылыққа қатысты түсінік теріске айналғандай боп кетті, деп хабарлайды Аtameken Business.    

Үкімет қуаңшылықта малға жем-шөп тауып бере алмай отыр

"Жаздың алғашқы айы шөп шабу, пішен дайындау маусымына байланысты аталған" деседі. Бірақ биылғы маусым маусым болмады. Ай басталғанда Маңғыстаудан келген мына фотолардан әбден шошып қалдық. Ел аман, жұрт тынышта мұндай жағдайға жеткініміз қалай? Сол кезден-ақ өңірдегі шопандар төтенше жағдай жариялау керектігін айтып, дабыл қақты. Ауыл шаруашылығы министрлігі бір күн өткен соң: "қуаңшылыққа ауа райы кінәлі" деп табиғатқа жаба салды. Тіпті, облыс басшысы "жергілікті әкімдердің осы бағыттағы жұмысты тиісті деңгейде атқармағанын" мойындады. Бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді? Жұмысына салғырт қарағандар неге жазаға тартылмайды?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу