Үкімет қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қандай көмек көрсетіп жатыр

910

Маңғыстау мен Қызылорда облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға Үкімет жан-жақсы көмек көрсетуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Үкімет қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қандай көмек көрсетіп жатыр

"Азық-түлік корпорациясы арқылы жемдік астықпен қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, зардап шеккен өңірлердің субъектілеріне нарықтық бағадан 17%-ға төмен бағамен 1,2 мың тонна жемдік арпа сатылды. Қазіргі уақытта Азық-түлік корпорациясы мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға 200 мың тонна көлемінде жемдік астықтың қосымша резервін құруға 20,0 млрд теңгеден бөлу және фермерлерге суару және азық дайындайтын техниканы лизингке беру мәселелері қарастырылуда", деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Бұған қоса, "ҚазақстанТемірЖолы" АҚ-ы тамыз айының соңына дейін азық тасымалдауға жеңілдікті тарифтерді нарықтағыдан 77%-ға төмен деңгейде сақтау туралы шешім қабылдаған. Бұдан басқа, биыл 23 тамызда ірі азықты республикадан әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім күшіне енеді. 1 қыркүйектен бастап жемдік астықты  экспорттауға квоталау енгізіледі.

"Жедел штабпен жергілікті атқарушы органдарға зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету қорларын құру, сабан дайындау және жемдік астық пен кебек резервін құру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. Жеке қосалқы шаруашылықтарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауға алу, өз мүмкіндіктерімен өздерін азықпен қамтамасыз ете алмайтындарға ұйымдасқан шаруашылықтарды бекіту ұсынылды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамалық заң аясында азық-түлік бағасын бақылауды күшейту, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды", – дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу