Үкімет күзде отставкаға кете ме?

393

Депутаттардың дені атқарушы биліктің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтып отыр.

Үкімет күзде отставкаға кете ме? Фото: gov.kz

Үкімет күзде отставкаға кетуі керек. Бірнеше депутат осындай пікірде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мәжілісмендердің Әлихан Смайылов бастаған Министрлер кабинетіне сенім артқан 6 айы қыркүйекте аяқталмақ. Депутаттардың дені атқарушы биліктің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтып отыр.

"Ең бірінші депутаттық сауалым  ол монетизация дейді. Оған менің мүлдем көңілім толған жоқ. Себебі сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мырзаның жауабы "біз болашақта қарастырамыз, жағдай жасалып жатыр" деп стандартты түрде жауап берді", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейітжан.

"Кейбір министрліктерде шынымен де үміт жоқ. Кейбір министрліктер өзінің жұмысын атқарып жатыр. Сондықтан да қазір қарай жатармыз", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу