Үкімет қызметтік іссапарларға жұмсалатын шығындарды қысқартпақ

318

Құжат жария талқылауға ұсынылды.

Үкімет қызметтік іссапарларға жұмсалатын шығындарды қысқартпақ Фото: Үкімет

Қаржы министрлігі "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Үкіметтің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат "Барлық бюджеттік бағдарламаларды тексеру нәтижелерін іске асыру бойынша жол картасын" іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасы Еңбек кодексінің 127-бабының 6-тармағын іске асыру үшін, оған сәйкес бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Үкімет айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

"Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы шегіндегі және шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға бюджет қаражаты есебінен шығыстарды өтеу тәртібіне өзгерістер енгізу. Күтілетін нәтиже: бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды оңтайландыру", – делінген құжатта.

Қоғамдық талқылау 5 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу