Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде қаулылар қабылдады

917

2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Үкіметтің сайты.  

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде қаулылар қабылдады

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында "Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақыны көтеруге мораторий енгізу туралы" Қаулы қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу