Үкімет мемлекеттік қызметшілерге арналған пәтердің шекті бағасын белгілейді

937

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауабында айтылған.

Үкімет мемлекеттік қызметшілерге арналған пәтердің шекті бағасын белгілейді

Үкімет мемлекеттік қызметшілерге арналған пәтердің шекті бағасын белгілейтін болады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қызметтік пәтер сатып алу шарттарын регламентеу қажеттігіне қатысты сіздің депутаттық сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз. Толықтай алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар сатып алатын баспананың  баға параметрлері мен рұқсат етілетін ауданын регламенттеу қажеттігі туралы ұсынысқа қолдау білдіріледі", – дейді үкімет басшысы.

Премьер-министрдің жауабына қарағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес әкімдіктер мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер бір адамға 15 шаршы метрден кем емес, бірақ 18 шаршы метрден аспайтын көлемде беріледі. Дегенмен, берілетін пәтер бір бөлмелі немесе жатақхана бөлмесі болмауға тиіс.

"Осыған орай, мемлекеттік сатып алулар аясында қызметтік баспананы сатып алу барысында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында белгіленген шектеулерді ескеріп, қызметтік баспана ауданының шекті нормасы мен баспана сатып алудың баға параметрлерін әзірлеу  шараларын қабылдайтын болады", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу