Үкімет мүшелерінің ұшақпен ұшуына қатысты тараған ақпарат жалған болып шықты

821

Үкімет мүшелерінің ұшақпен ұшуына миллиардтап қаржы жұмсалады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Үкімет мүшелерінің ұшақпен ұшуына қатысты тараған ақпарат жалған болып шықты

Мемлекеттік арнаның бұрынғы тілшісі әлеуметтік желіге жазған жазбасына қатысты Премьер-министрдің баспасөз қызметі осылай деп жауап берді. Онда, 2020 жылы осы мақсатқа 578 млн теңге қарастырылса, іс жүзінде 275,6 млн теңгеге ғана жұмсалды. Ұшу ұзақтығы 1 сағатқа дейін болған жағдайда жолаушыларға алкогольсіз салқын сусындар мен снэктер, ал ұзақтығы 1-ден 3 сағатқа дейін болған кезде, ыстық тамақ пен шай, кофе беріледі. Яғни, бортта тамақтандыру еліміздің "әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынылады делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу