Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр – Мемлекет басшысы

177

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік саланы цифрландыру мәселесінің маңыздылығына айрықша тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр – Мемлекет басшысы Фото: gov.kz

Президенттің айтуынша, былтыр республикалық бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік саланы цифрландыруға бөлінді.

"Бірақ бұл қаражат қаншалықты тиімді жұмсалды деген орынды сұрақ туындайды.

Сондықтан Үкімет үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруға тиіс. Сонда әлеуметтік көмек те шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға беріледі. Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға берілетін ваучерлерге дейінгі қолдаудың барлық түрі банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан "Әлеуметтік әмиян" арқылы берілуге тиіс",  дейді Президент. 

Үкімет әкімдіктермен бірге осы тәжірибені барлық жерде кеңінен қолдануы керек. Сондай-ақ бұл тәсілді жыл соңына дейін тездетіп іске қосуы қажет.

"Менің байқауымша, Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Тіпті оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды.

EGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін (ассистентін) әзірлеу керек. Барлық азаматқа қолжетімді болатын осы жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басады.

Әлеуметтік қолдау шараларын басқаратын инфрақұрылымды, яғни Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын нақты айқындап алу қажет", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу