Үкімет отандық төрт ЖОО ректорларын тағайындайтын болады

370

Тиісті бұйрық 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Үкімет отандық төрт ЖОО ректорларын тағайындайтын болады Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Қазақ ұлттық хореография академиясының ректорларын ел Үкіметі тағайындайтын болады.

Аталмыш жоғары оқу орындары Мәдениет және спорт министрлігіне қарайды.

Бұйрық 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу