Үкімет отырысында мүгедектер проблемалары талқыланды

1009

Үкімет отырысында мүгедектер проблемалары талқыланды

Бүгін ҚР үкіметінің отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ғимараттарға кіріп-шығуына, қоғамдық көліктермен қатынауына, жұмысқа тұруына қатысты  бірқатар мәселелер талқыланды.  

Отырыста ҚР премьер министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі көтеріліп отырған проблемалардың үкіметтік деңгейде талқыланбай-ақ шешілетін дүние екендігін айтып, әкімдерге реніш білдірді. Мүгедектердің мемлекеттен бағалы дүние сұрап отырмағанын, тек қоғамда еркін жүріп-тұруларына жағдай жасау керектігін ескертті.

Отырыста "Лайықты өмір" мүгедектерді сауықтыру орталығының төрағасы Александр Ивкин, "Ширак" мүгедек әйелдер бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева мүгедектерге арналған транспорттың жоқтығы мен білім алуындағы қиындықтар туралы сөз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу