Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған ҚР энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев ант берді, деп жазады inbusiness.kz.
Еске сала кетсек, ол 2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін 2021 жылғы 29 наурыздан бастап - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы болған.
Еңбек жолын 1992-1997 жж - "ТаССат" ЖШС директоры; 1997-1998 жж - "ҚазТрансОйл" Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" ЖАҚ менеджері, клиринг бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің басшысы қызметінен бастаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу