Үкімет отырысының тәртібі өзгерді

303

Енді министрлер әр сейсенбіде өтетін отырысқа онлайн қатысатын болды.

Үкімет отырысының тәртібі өзгерді Фото: gov.kz

Мұндай тәртіпке депутаттар наразылықтарын білдірді. Бұл "Президенттің халық үніне құлақ асатын үкімет қағидасына қайшы", дейді олар. 

Әдетте, сейсенбіде өтетін Үкімет отырысы бұл жолы бір күнге кешігіп жаңа форматта өтті. Офлайн жиынға тек күн тәртібінде көтерілетін мәселеге жауапты министрлер ғана қатысты. Қалғаны шараға тек онлайн қосылды. Бұл жаңашылдықты Үкіметтің баспасөз қызметі былай деп түсіндірді.  

"Бізде дебюрократизация қазір жүріп жатыр. министрлер барлығы онлайн форматқа көшірілді. Тек қана бүгін екі үш сұрақ бойынша екі үш министр қатысады. Алдағы уақытта солай болады. Бұл формат пандемияда болды. Жақсы жұмыс істеді", - деді ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы Динара Алимова.

Алайда, Үкіметтің жаңа режимі депутаттардың көңілінен шықпады. Бұл "Президенттің халық үніне құлақ асатын үкімет қағидасына қайшы", дейді.

"Менің ойымша, Үкімет министрлер сейсенбі күні ғана емес. жалпы әрдайым халыққа және халықтың тікелей өкілі саналатын бұқаралық ақпарат құралдарына ашық болуы қажет. Өйткені, ол - бүгінгі күннің талабы. Біз қазір демократияландыру үдерістеріне ден қоюмыз қажет", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

"Кейбір министрліктерге адаптация дейміз ғой. Бейімделу үшін уақыт керек шығар. Кейбір министрлер, өкінішке орай, тігісін жатқызып қазақша сөйлей алмайды", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза.

"Менің ойымша, бұл - қате жаңсақ шешім. Болашақта бұл регламентті Үкімет өзгертеді деген үміттенемін", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Әр министр ай сайын брифинг өткізіп тұратыны жайлы Ақпарат министрі Аида Балаева да өзінің әлеуметтік желісінде жазды. Бұл процедура ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететіне сенім білдіріпті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу