Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін – Мемлекет басшысы

Ауыл дамытуға бағытталған шешімдердің бәрі бір бағдарламаға бірігеді. 

Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Мұны Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ауылдардағы инфрақұрылым мен бизнеске баса назар аудару қажет. 

– Ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерде инфрақұрылымды жаңғыртуға және бизнесті қолдауға басымдық берілуі керек. Ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни "Ауыл аманаты", "Ауыл – ел бесігі" және тағы басқа бағдарламалар. Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін, – деді ол.

Ауыл халқы үшін қаржылық және мемлекеттік қызметтер әрдайым қолжетімді болуы керек. Ол үшін жауапты мекемелерден барлық жағдай жасалуы шарт. 

– Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет, негізінен, "Қазпошта" арқылы орындалып жатыр. Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу