Үкімет пен "Алюминий Казахстана" АҚ арнайы келісімге қол қоюы мүмкін

Тиісті құжат "Ашық" НҚА порталында жарияланды.  

Үкімет пен "Алюминий Казахстана" АҚ арнайы келісімге қол қоюы мүмкін Фото: google

Келісімге сүйенсек, "Алюминий Казахстан" АҚ еліміздегі тау-кен өндіру кәсіпорындарына 259 млрд 024 млн 100 мың теңге инвестиция салады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚР Үкіметі мен "Алюминий Казахстана" Акционерлік қоғамының арасында Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ҚР Үкіметі атынан "Алюминий Казахстана" Акционерлік қоғамы арасындағы инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін", – деп жазылған құжатта.

Құжат бойынша төмендегі салаларға қаржы бағытталады:

  •  Қостанай және Павлодар облыстарындағы тау-кен өндіру бөлімшелерінің есептен шығарылатын негізгі құралдарын ауыстыру және жаңа негізгі құралдарды сатып алу – 59 млрд 615 млн 050 мың теңге;
  •  Павлодар облысындағы қайта өндіруші және көмекші бөлімшелерінің есептен шығарылатын негізгі құралдарын ауыстыру және жаңа негізгі құралдарды сатып алу - 115 млрд 380 млн 700 мың теңге;
  •  Қостанай және Павлодар облыстарындағы тау-кен өндіру бөлімшелерінің өндіру қуаттарын күрделі жөндеу - 36 млрд 366 млн 700 мың теңге;
  • Павлодар облысындағы бөлімшелердің өндіруші және басқа көмекші қуаттарын күрделі жөндеу - 47 млрд 661 млн 650 мың теңге.

Құжат 20 сәуірге дейін "Ашық" НҚА порталында талқыланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу