Гранттарға құжат қабылдау басталады

1056

Биыл тегін оқуға үкімет тарапынан арнайы бес мың және облыс әкімінің атынан жүз грант бөлініп отыр. 

Гранттарға құжат қабылдау басталады

Келесі аптадан бастап үкімет тарапынан және облыс әкімінің атынан берілетін гранттарға құжаттар қабылданады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жоғарғы оқу орындарына ниеттеніп, мемлекттік білім грантына ілінбеген талапкерлер тағы да бақ сынай алады. Биыл тегін оқуға үкімет тарапынан арнайы бес мың және облыс әкімінің атынан жүз грант бөлініп отыр. Аталмыш екі конкурсқа құжаттар 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Бұл жеңілдіктер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан түлектерге тиесілі.

Облыс әкімінің атынан берілетін жүз гранттың 30 педагогика, тағы бір 30-ы медицина саласына бөлінсе, қалғаны басқа салаларға берілмек. Оның ішінде ветеринарияға он бір, өнерге тоғыз, құрылыс саласына бес, агрономияға бес, мал шаруашылығына үш грант бөлінеді.

"Облыс әкімінің гранты үшін ұйымдастырылатын байқауға ҰБТ-дан шектеулі бал алған барлық санаттағы үміткерлер қатыса алады. Талапкерлердің балдары тең болған жағдайда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған үміткерлерге, кәсіптік-техникалық білімі бар және бір жыл жұмыс жасағандарға, "Алтын белгі" иегерлеріне, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлеріне басымдық беріледі", – дейді Гүлбарам Есенқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу